• Басты
  • >
  • "Кім заң бұзса, сол жауап беруге тиіс": Қошанов "саяси тұтқындар" туралы сұраққа жауап берді

“Кім заң бұзса, сол жауап беруге тиіс”: Қошанов “саяси тұтқындар” туралы сұраққа жауап берді

13.03.2024

13 наурызда журналистердің сұрақтарына жауап берген мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Қазақстанда неге саяси тұтқындар көп?» деген сұраққа «кім заң бұзса, жауап беруі тиіс» деп жауап берді. 

Сәрсенбі күні журналистердің бірі одан «әділ, жаңа Қазақстан туралы уәделер орындалып жатқан жоқ деп санамайсыз ба? Билік Назарбаев кезеңіндегідей өзін сынаған адамдарды қорқытып жатыр. Неге бізде саяси тұтқындар көп?» деп сұрады. 

«Менің ойымша, заң алдында бәрі тең: кім заң бұзса, сол жауап беруге тиіс» деді Ерлан Қошанов. 

«Танымал марафоншы Марат Жыланбаев не үшін қамауда отыр?» деген сұраққа әуелі «Процесс жүріп жатыр… Бұл процестердің барлығын білеміз. Ол жөнінде тергеу кезінде де, сот кезінде де ашық айтылды» деді. Қайтара қойылған сауалға Жыланбаев «заң бұзғаны үшін отыр» деді. 

Құқық қорғаушылар Қазақстанда 23 адамды «саяси тұтқын» деп таныған. Олар елде билікті сынайтын белсенділер мен журналистер жиі қудаланатынын айтады. 

Қазақстан билігі елде саяси қудалау барын мойындамайды.

Фото: Ашық дереккөзден